Былтыр 16-наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, елімізді саяси жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын ұсынды. Содан бергі бір жылға жетпейтін уақытта Қазақстанда кең көлемді өзгеріс жасалды. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм каналында жазды. Биыл 27 жылдан кейін алғаш рет жалпыұлттық референдум өтті. 7 Конституциялық заңға, 15 кодекс пен 29 заңға өзгеріс енгізілді. Екіншіден, Президент 7 жыл мерзімге сайланды. Конституциялық сот құрылды. Үшіншіден, Президент және Сенат депутаттарының сайлауы өтті. Жақында аралас жүйе бойынша Мәжіліс пен мәслихаттардың депутаттары жасақталады. Төртіншіден, жаңа 3 облыс құрылды. Сондай-ақ, ұлт ұясы Ұлытау облысында ұлттық құрылтай ұйымдастырылды.
Айя Мүтәлі