Шымкентте ядролық медицина саласы қарқынды дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте ядролық медицина саласы қарқынды дамып келеді

16.03.2023

Мемлекет басшысының медицина саласында жекеменшік әріптестікті дамыту туралы тапсырмасына орай Шымкентте ядролық медицина саласы дамып келеді. Қатерлі ісікті ерте сатысында анықтайтын позитронды-эмиссиялық томографиялы орталықтың арқасында енді сырқатқа шалдыққан 5 мың адамға дер кезінде көмек беріп, өлім-жітімді едәуір азайтуға мүмкіндік туды. Ресми дерек бойынша, Шымкентте жылына 1200 адам онкологиялық ауруға шалдығады екен.

Болат Тұрдымұратов, тұрғын:

Келгеніме 15 күн болды. Содан бері ем қабылдап жатырмын. Өзіме ұнап жатыр. Нәтижесі шығып жатыр. Анализдер тапсырдық. Бәрі жақсы. Қаламызда емделуге мүмкіндік бар. Болмаса Астана, Алматыға ұзаққа баруға тура келетін еді.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік өз тиімділігін дәлелдеп келе жатқан тәсіл. Шымкентте осы бағытта 6 жоба іске асырылуда. Бүгінге дейін мегаполисте кәсіпкерлердің көмегімен Қайтпас шағын ауданында 500 науқасты қабылдайтын емхана, бүйрек қызметі әлсіз науқастарға арналған орталық және амбулаторлық емдеу орны салынды. Биыл инвестор қаржысына 800 орындық көпбейінді аурухана құрылысы басталады.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу