Бүгін Астанада жас бүлдіршіндерге арналған қуыршақ театрының жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды.
Бұған дейін өнер ордасының жеке ғимараты болмағандықтан, спектакльдерді қала мектептерінде, балабақша және мәдени мекемелерде өткізіп келген.
Жаңа ғимараттағы алғашқы қойылым қазақ халық ертегісі «Қаңбақ шал» туралы болды.
Театр ұжымы «жас жеткіншектерді отансүйгіштікке тәрбиелеп, руханият әлеміне жетелейміз», деген ниетте. Шілде айында халықаралық қуыршақ театрлары фестивалін өткізбек.
Нұрлан АСҚАР