Павлодар облысында дала өртінің алдын-алу жұмыстары осы бастан қолға алынды. Себебі, қардың көбесі биыл ерте сөгілді. Қазірдің өзінде қырда қау шөп қаптап кетті. Көктемде әдетте аймақта үздіксіз жел тұрады, от тұтанса тоқтату қиын. Сондықтан төтенше жағдайлар департаменті облыс аумағын тұтастай әуеден бақылап отырмақ. Бұдан бөлек 800-ден аса маман, 200-ге тарта арнайы техника, екі өрт сөндіру пойызы дайын тұр. Өрт шығады-ау деген қауіпті аумақтарды бүгіннен бастап мобилдік топтар тәулік бойы назарда ұстайды.
Ғабит Бөкенбай