Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына шетелде уақытша тұрып жатқан Қазақстан азаматтары да қатыса алады. Ол үшін 62 мемлекетте 77 сайлау учаскесі ашылады. Ресейде барлығы 5 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Олар Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахань, Қазан және Омбы қалаларында орналасады. Барлық сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай жасалмақ. Қазір дайындық қызу жүріп жатыр.
Индира Бегайдар