Қазақстандық IT жоба БҰҰ халықаралық электробайланыс Одағының байқауында жеңімпаз атанды. «Agroinsurance» деп аталатын агросақтандыру қызметі «Электронды ауылшаруашылығы» номинациясында ең үздік деп танылды. Әлемнің озық IT жобаларының жеңімпаздары Женевада марапатталды. Агросақтандыру қызметі арқылы қазақстандық фермерлер 2019 жылдан бері егістіктері мен өсіріп отырған малдарын онлайн сақтандыруға мүмкіндік алған. Қуаңшылықтан зардап шеккендер мен мал шығынына ұшыраған отандық шаруаларға үш жылда халықаралық сақтандыру компаниялары 2,5 млрд теңге өтемақы төлеген. Ашық әрі әділ қазақстандық онлайн платформаны халықаралық қауымдастық жоғары бағалап отыр.
Нұрсұлу Қасым