Кәсіпкерлер 20 мың тонна пиязды экспортқа шығара алады. Ауылшаруашылығы министрлігі өнімді сыртқа шығаруға ішінара рұқсат беріп отыр. Жыл басында, пияз бағасы 22 пайызға қымбаттап, келісі 400 теңгеге жеткен еді. Қымбатшылықты болдырмау, бағаны ұстап тұру үшін, министрлік 17 қаңтарда, шетелге пияз сатуға үш айлық шектеу қойған еді. Бүгін межелі уақыт бітті. Айта кетейік, әр кәсіпкерге 500 тоннадан артық өнімді шетке шығармайтындай лимит қойылады.
Нұрбек Бекбау