«Масс-медиа туралы заңға» өзгеріс енеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Масс-медиа туралы заңға» өзгеріс енеді

17.03.2023

Енді әзірленіп жатқан «Масс-медиа туралы заңға» қатысты қоғамда талқылау көбейген соң, құжаттың бірқатар бөліміне өзгеріс енгізілді. Заң жобасын дайындаған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша, төтенше жағдай кезінде журналистер өкілетті тұлғалардан рұқсат сұрауы керек деген нұсқа алынып тасталды. Сондай-ақ, журналист мәртебесін күшейтетін баспасөз картасын берер кезде комиссия құрамында министрлік өкілі болмайды. Ал бұл картаға ие болған тілшілер мемлекеттік орган ұйымдастырған кез келген шараға аккредитациясыз өте алады.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу