Сенат төрағасы ЕҚЫҰ байқаушыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы ЕҚЫҰ байқаушыларымен кездесті

18.03.2023

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен бір топ депутат Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және сол ұйымның Парламенттік Ассамблеясының байқаушыларымен кездесті. Аталған делегация елімізге Мәжіліс және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды байқау үшін келді.

Мәулен Әшімбаев шақыруды қабыл алып, сайлау барысына мониторинг жүргізу үшін Қазақстанға арнайы келген халықаралық байқаушыларға ризашылығын білдірді. Сайлаудың ұлттық заңнамаға және халықаралық нормаларға сай өтуі үшін барлық шара қабылданып жатқанын атап өтті. Өз кезегінде халықаралық байқаушылар сайлауға дайындықтың жоғары деңгейін сөз етті. Сондай-ақ алдағы уақытта да парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді. 

Нұрбек Бекбау


Хабарламаларға жазылу