Оралда киізден жасалған бұйымдардың көрмесі өтті. Шеберлер келушілерге сырмақты жасаудың қыр-сырын да көрсетті.
Көрмеге шапан, кәжекей, бас киім, аяқ киімдермен қоса, қоржын, сөмке секілді аксесуарлар, моншақ, білезік сияқты әшекей бұйымдар да қойылды. Қонақтар үйді сәндеуге арналған текемет, төсеніш, пано мен түрлі картиналардытамашалады. Қолөнер шеберлер жұртқа киіздің денсаулыққа қандай пайдасы бар екенін айтты. Шеберлік сағатында көрмеге келушілер өздері де киіз басып көрді.
Әлия Бегилова, қала тұрғыны:
Ұлттық нақыштағы ою-өрнектер қолданылып жатыр. Олардың түстері де ашық, көктемге, Наурызға арналып жасалып жатқан пано. Барлығы да жақсы, дегенмен, өзім киім дизайнері болғандықтан, жібек матаға киізді үстіне басу техникасы арқылы дайындалған шапан қатты ұнады өзіме.
Светлана Дүйсенбаева, қолөнер шебері:
Әдемілік үшін ғана емес, жүннің емдік те қасиеті бар. Бүкіл әлемдік тенденция бойынша киіз бұйымдар, яғни табиғи жүннен жасалған бұйымдар қайтадан сұранысқа ие боп жатыр. Осындай көрмелер, фестиваль-форумдар арқылы халыққа таныстырғымыз келеді соны.
Ардақ Мұратқызы