Дауыс беру белсенділігі бойынша Павлодар көш бастап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дауыс беру белсенділігі бойынша Павлодар көш бастап тұр

19.03.2023

Дауыс беру белсенділігі бойынша алдыңғы орындардағы аймақтардың бірі Павлодар. Облыстағы тұрғындар саны 755 мыңға жуықтайды. Солардың 512 200-і таңдау жасау құқығына ие. Қазір бізбен аймақтағы тілшіміз Болат Аманбаев тікелей байланысқа шықты.

Болат Аманбаев, тілші:
Қайырлы күн Гүлнәз! Павлодарда 523 дауыс беру учаскелері жұмыс істеп тұр. Соңғы мәлімет бойынша дәл қазіргі уақытта тұрғындардың 60 пайызы өз таңдауларын жасаған. Бір қызығы түске дейін ауыл тұрғындарының белсенділігі байқалса, түс ауа сайлау учаскелеріне қала тұрғындары көптеп келіп жатыр. Павлодар өндірісті өңір. Сондықтан бүгінгі демалысқа қарамастан көптеген кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр. Бірақ дауыс беруге қолайлы болуы үшін ауысым кестесін өзгерткен. Яғни, әрбір адамға өз таңдауын жасауға мүмкіндік беріліп отыр. Гүлназ, сөз өзіңізде.
Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу