Елордада дауыс берушілерге барынша жағдай жасалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада дауыс берушілерге барынша жағдай жасалған

19.03.2023

Астанадағы сайлау науқанының ұйымдастырылуына шетелдік байқаушылар жоғары баға берген. Оған кез келген азаматтың дауыс беруіне жағдай жасалғаны себеп болған. Отандық мамандар да жүктелген міндетін аса ыждағатпен орындауда. Құрбанәлі Құрмаш Астанадағы №41 сайлау учаскесінде байқаушы қызметін атқарып отыр. Ол өзіне жүктелген жауапкершілікті сезініп, процесті мұқият бақылап отыр. Дауыс беру кезінде орын алған кез-келген заңсыздық оның қырағы жанарынан жасырына алмайды. Белсенді бүгінгі науқанның ойдағыдай өтуіне барынша атсалыспақ.

Құрбанәлі Құрмаш, бақылаушы:

Маған сенім ретінде сеніп тапсырып отыр бүгінгі бақылау күнін. Сондықтан өзімнің міндетімді адал атқарып отырмын деген сенімдемін. Таңнан бері отырмыз. Енді ары қарай кешкісін белгілі болады деп ойлаймын. Бүкіл әділ өтеді деп ойлаймыз сайлаудың бәрі.

Ал 58 сайлау учаскесінде 645 адам тіркелген. Олар да дауыс беруге асығуда. Тіпті отбасымен келген азаматтар бар. Ал сайлаудың заңға сай өтуін қазақстандық байқаушылардан бөлек, халықаралық ұйымдар да қатаң бақылап отыр.

Қымбат Іргебаева, сайлау учаскесінің төрағасы:

Шетелдік бақылаушылардың саны өте көп болды.Қырыққа жуық болды. Әрқайсы тосын бір сұрақтарын қойып жатты. Бірақ көңілдері біздің өтіп жатқан сайлауға көңілі толды. Себебі, өздері жарты сағаттай, 15 минуттай отырып бақылаған кезде келіп жатқан адамдарға ешқандайй кедергі жоқ, балаларымен келіп жатыр. немерелерімен келіп жатыр. Оларға аздаған өзіміздің сыйлықтарымызды ұсынып жатырмыз.

Қала бойынша 19 мың мүгедектігі бар азамат дауыс беруге құқылы. Мыңнан астамы қоларба көмегімен қозғалады. Бүгін оларға 40 арнайы көлік қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, сайлау учаскелерінде де мүгедектігі бар адамдардың жүріп тұруына жағдай жасалған.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу