Қазақстанның батысындағы «Қашаған» кен орнынан шығатын мұнай Каспий теңізі арқылы Ақтау-Баку бағытында тасымалдана бастады. Сынақ ретінде жасалған алғашқы партия аясында танкердің резервуарына 6 900 тонна шикі мұнай тиелген. Ақтау портынан жөнелтілген танкер Әзербайжанның «Сангачал» терминалына тоқтайды. Танкер - Әзербайжанның теңіз көлік флотына тиесілі. Былтыр ғана іске қосылған танкер 7800 тонна жүк көтере алады. Онымен мұнай ғана емес, химиялық өнімдер де тасымалдауға болады.
Асылбек Данияр