Мемлекет басшысы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған отандық өнер жұлдыздарының концертіне қатысты. Концерттік залда өткен салтанатты шарада белгілі өнерпаздар, содай-ақ Астан қаласының эстрадалық, симфониялық оркестрі, Жас көрермен музыкалық театрының солистері ән шырқады. Концертке композитордың жұбайы Жәмилә Қалдаяқова да құрметті қонақ ретінде қатысты. Ал сазгердің ұлы Мұхтар мен немересі Айсұлу Қалдаяқовтар көпшілік алдында өнер көрсетті.