Астанада «Qnet» қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген күдікпен бір адам қолға түсті. Аталған компания Астана мен Ақмола облысының аумағында 2020 жылдан бастап жұмыс істеп келген. Бұл - Қаржы мониторинг агентігінің елордалық департаменті мен қала прокуратурасы бірлескен жұмыстың нәтижесі. Күдікті жеке тұлғалардан тартылған қаражатты кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырған. Өкілетті органның қорытындысына сәйкес компания салымшыларынан түскен түсім сомасы 463 млн. теңгені құрады. Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге екі айға «қамауда ұстау» шарасына санкция берді.