Ұлттық қордан әр балаға қаражат аударудың негізгі шарттары белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қордан әр балаға қаражат аударудың негізгі шарттары белгілі болды

24.03.2023

Ұлттық қордан әр балаға қаражат аударудың негізгі шарттары белгілі болды. Қаржы министрлігінің хабарлауынша «Ұлттық қор – балаларға» жобасы келесі жылы басталып, инвестициялық табыстың жартысы 18-ге дейінгі балалар арасында бөлінеді. Кәмілет жасына толғанша жинақталған ақша шамамен 3,5 мың АҚШ доллары болуы мүмкін. Бағдарламаға Қазақстан азаматтары ғана қатысады. Егер 18 жасқа толмай елден кетіп, азаматтығын ауыстырса, онда қаржыны ала алмайды. Оның ақшасы балалар арасында қайта бөлінеді. Ал егер 18-жасқа дейін азаматтығын ауыстырмай, елден кеткен жағдайда, аталған төлемдерді алу құқығы сақталады. Өйткені кәмілет жасқа толған кезде қаражат баланың меншігі болады. Бірақ қаржы білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға ғана жұмсалуы тиіс.  

Хабарламаларға жазылу