Еуроодақ лидерлері: банк саласы тұрақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуроодақ лидерлері: банк саласы тұрақты

25.03.2023

Еуроаймақтың банк саласы экономикалық жағынан тұрақты. Бельгия астанасы Брюссельде екі күндік саммиттен кейін Еуропа Одағының лидерлері осылай деп мәлімдеді.

Жиында аймақтағы қаржы институттарының жағдайы талқыланған. «2008 жылы болған қаржы дағдарысынан кейін Еуроаймақта тиісті шаралар мен кепілдіктер қабылданды. Бұл инструменттер банктердің тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр», - дейді саммитке қатысушылар. Еуропалықтар немістің «Дойче банкі» акцияларының үш күн қатарынан құлдырауына алаңдаулы. Нарыққа АҚШ-тағы Силикон Вэлей Банк дағдарысы тәрізді халықаралық оқиғалар ықпал етіп жатыр. Ал Еуроодақ лидерлері аймақтың банк желісі қатаң келісімдермен қорғалған, сол себепті алаңдауға негіз жоқ деп ескертті.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу