Қошқарды 2050 рет көтеріп, рекорд жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қошқарды 2050 рет көтеріп, рекорд жаңартты

27.03.2023

Күш атасын танымас. Алматылық ефрейтор Бауыржан Әбдіқайым қошқарды 2050 рет көтеріп, рекорд жаңартты. Дәл осылай 2050 рет отырып тұруға 2 сағат уақыт кеткен. Бауыржан Әбдіқайым 6 жылдан бері Қарулы күштер сапында қызмет атқарады. Ол Алматыда ұйымдастырылатын республикалық, қалалық марафондар мен ірі спорттық іс-шараларға тұрақты түрде қатысып тұратынын айтты. Биыл Отан қорғаушылар күніне орай, ефрейтор Бауыржан Әбдіқайым Алматыдан Таразға дейін жүгіруді жоспарлап отыр.

Бауыржан Әбдіқайым, спортшы:

Наурызды бір жыл күттік. Халық қолдады. Шулады. Сонымен істедік. Тренировкада қиын болса, ұрыста оңай болады дейді ғой.

Мейрамбек Ілияс, Б.Әбдіқайымның әріптесі:

Бұл өте қиын. Неге десеңіз әрбір адам өз денесі 50 рет көтеру қиынға соғады. Отырып-тұру оңай емес. Оған дайындық керек. Аяқтың және өзінің мықтылығы керек. 2050 ретті мен өзімде көріп таңғалып жатырмын. Осының алдында 1115 рет көтерген.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу