Ел аумағында 145 адам қызылша ауруымен тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел аумағында 145 адам қызылша ауруымен тіркелді

28.03.2023

145 адамнан қызылша ауруы табылды. Оның 75-і зертханада дәлелденді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді. Дәлелденген 75 жағдайдың дені 14 жасқа дейінгі балалар. Көбі - екпе алмаған. Дерт вакцинадан бас тартқан, медициналық қарсы көрсетілімі бар және екпе алу жасына жетпеген 6 жасқа дейінгі балалар арасында дендеп отыр. Сонымен қатар, Түркия, Мысыр, Тәжікстан мен Қырғызстаннан келгендерден де ауру табылған. Ал профилактикалық екпеден бас тартқандардың саны биыл 31 мыңнан асты.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу