Перуде екі тоннадан аса кокаин тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуде екі тоннадан аса кокаин тәркіленді

28.03.2023

Перу билігі құны 20 млн доллар болатын кокаин тәркіледі. Салмағы екі тоннадан аса есірткі заты ел астанасы Лимаға жақын жердегі ең ірі порттан табылған. Есірткі тасымалдаушылар кокаинды жәшіктерге керамикалық плиткалар сияқты тізіп салып, жасырып алып өтпек болған. Перу полициясының мәліметінше, қылмыскерлер заңсыз затты теңіз арқылы Түркияға жеткізуді көздеген екен. Аталған елге Перуден есірткі тасымалдау әрекеті алғаш рет тіркеліп отыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу