Жасарамын деп, жапа шекті. Алматылық Майра Алдамжарова косметологиялық ем-шарадан кейін бет терісі бөртіп, денсаулығы нашарлап кеткенін айтады. Қазір ол бүркеніп жүруге мәжбүр. Айтуынша, құқық қорғау органдары әзірге ешқандай шара қолданбай отыр. Арнамызға соңғы күндері пластикалық хирургия, дерматокосметология мамандарына зардап шеккен бірнеше қыз-келіншек хабарласты.
Майра өзін мұндай жағдайға жеткізген косметологты әлеуметтік желі арқылы тапқан. Бетін әрлетпек болып, оның көмегіне жүгінген. Процедураларын қабылдаған соң беті бөртіп кетіпті.
Майра Алдамжарова, қала тұрғыны:
Мен хабарласқан кезде кішкене уақыттан кейін кетеді деді. Олай болмады. Қаңтар айының 4-5 қарай бетім қызарып, ісік пайда бола бастады. 02:43 Косметолог препараттың қолдану мерзімі өтіп кеткен шығар, бір жылдан бері салып жүрмен ондай ешкіммен ондай болмаған деді.
Майраның айтуынша косметолог оның бетіне «Гиалурон» деп аталатын препарат еккен. Косметологты іздеп, клиникасына бардық. Бірақ, жұмыс орнында болмай шақты.
Шарасыз күйде қалған Майра қаңтар айында Бостандық ауданына қарасты ПБ-ға арыз жазып, медициналық сараптамадан да өткен. Алайда бір аптада дайын болуы тиіс қорытынды қағаз әлі қолына тимепті. Ал полициядағылардың уәжі мынадай:
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
Бостандық ПБ мәліметінше, азаматша Майра Алдамжараованың сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, оның нәтижесі дайын болды. Соттың қорытындысы азаматтың қолына тапсырылып, осы қорытындысын негізге ала отырып азаматтық, құқықтық тұрғыдан азаматша Алдамжарова сотқа жүгінуіне болады.
Жамбыл облысының тұрғыны Қамажай Берікова да қабағын тарттырып, көзінің айналасындағы әжімін кетіру үшін операция жасатқан. Салдарынан беті мен жағы қисайып, көзінің айналасында тыртық қалған.
Қамажай Берікова, Жамбыл облысының тұрғыны:
Мені гримсіз-ақ қорқынышты фильмдерге түсіре беруге болатын еді сол кезде. Қазір мынау жөнделген түрі. Соның өзінде менде қазір «комлекс» тіке елдің бетіне қарай алмаймын. Тіпті ,менің мимикаларым дұрыс емес. Күлейін десем, көздің жан-жағы дұрыс жиналмайды.
ДСМ шарасыз. Олар пластикалық хирургия, косметология қызметіне жүгінерде мыналарды ескерген жөн дейді.
Бағжан Мұхамбетбек, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
Пластикалық хирургия, дерматокосметология медициналық қызметтің лицензияланатын кіші түрі болып табылады. 03:52 Егер сіз пластикалық хирургия, дерматокосметология қызметіне жүгінетін болсаңыз бірінші кезекте ол ұйымган лицензиясы бар ма, жоқ па соны талап етіңіз. Екіншіден, сізге қызмет көрсететін маманның сертификаты бар ма жоқ па соны сұрау керек.
Заңгерлер болса, мұндай жағдайға тап болғандарды қорғайтын арнайы Заң бар екенін айтты.
Марғұлан Шыныбаев, заңгер:
Бұл жерде ҚК 317-бабы бар, бұл бап бойынша әкімшілік жазаға тартуы мүмкін. Болмаса ,денсаулығына зиян келетін болса, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер адам өліміне келетін болса ,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл кезде зардап шеккен адам дәлел жинау керек.
Бетіндегі бөртпемен алысқан Майра енді сотқа жүгініп, шығындарын өтеуді талап етпек. Ол қыз келіншектерді өзі секілді ажарланамын деп опық жеп қалмаса екен дейді.
Нұрсұлтан Тілектес