Президент заңдарды өзгертуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент заңдарды өзгертуді тапсырды

29.03.2023

Елімізді қарқынды дамыту үшін сапалы заңнамалық база қалыптастыру керек. Сегізінші рет сайланған Қазақстан Парламентінің бірінші сессиясының отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Оның айтуынша, жеке меншікті қорғау және нарықтың бәсекелі болуын қамтамасыз ету үшін сот және құқық қорғау жүйесіндегі реформаларды жалғастыру қажет. Сонымен қатар, электр энергетикасы нарығын дамыту, тауар газының энергетикалық тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы саясатын қайта қарау керек. Сондай-ақ, адам саудасына тосқауыл қою үшін арнайы заң қабылдау қажеттігіне де тоқталды.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу