Е.Қарин Президент сөзінің месседждерін атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Қарин Президент сөзінің месседждерін атады

29.03.2023

Қазақстан – дамудың жаңа үрдісін қалыптастырып, түбегейлі реформа жүргізіп жатқан геосаяси төңіректегі бірден-бір мемлекет. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин Президенттің VIII шақырылым депутаттары алдында сөйлеген сөзінің негізгі месседждерін атады. Нақтырақ айтсақ, реформалар ел ішінде жалғасады, саяси жүйе одан әрі жаңғыртыла береді. Мемлекет экономикалық мәселелерді шешуге жіті назар аударып, шағын және орта бизнесті қолдауды күшейтеді. Әлеуметтік мәселелерге аса мән беріледі. Сонымен қатар ұзақ мерзімге арналған стратегиялық жоспарлауға қатысты ұстанымдарды, жаһандық үдерістерді ескере отырып қайта қарауды ұсынды.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу