Зәулім үйлер үшін газ бағасы қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зәулім үйлер үшін газ бағасы қымбаттауы мүмкін

29.03.2023

Қазақстанда көгілдір отын бағасы көрші мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда арзан. Алайда, өндірісте де, тұрмыста да газды арзан екен деп бей-берекет жаға беруге болмайды. Бүгін Президент Үкіметке газдың энергетикалық тиімділігін арттыру және оны үнемді пайдалану жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Әуезхан Юлдашевтың үйі екі қабатты. Жанұяның он мүшесі тұратын баспана аумағы 250 шаршы метр. Үлкен үй қыста газбен жылытылады.

Әуезхан Юлдашев, Ақсукент ауылының тұрғыны:

Сол октябрьда бастадық, ноябрь, декабрь, январь, февраль, міне почти марттың жартысына дейін жағып, ең көбі 100 мыңға дейін, ең азы 60 мың, 50 мың сондай төледік.

Облыстағы 833 елдімекеннің 465-і табиғи газбен қамтылған. Көгілдір отынды тұтыну көрсеткіші артқан сайын оның жетіспеушілігі де байқала бастады. Мәселен Жетісай ауданында елдімекендерге құбыр тартылғанымен, газ жетпей қалған.

Берік Мәмбетов, Жетісай аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

Аудан аумағындағы газ таратушы станциясы дейміз, АГДЭС қуаттылығы жетіспеулігіне байланысты елдімекендерге газ беру мүмкіншілігі болмауда. Жаңадан жоба жасақталып, АГДЭС салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Газды үнемді пайдалану керек. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы тағы бір мәрте еске салды. Себебі былтыр газ тапшылығы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіре жаздады. Сондай-ақ, шетелдегі сияқты әртүрлі тарифтерді бізге де енгізу мүмкіндігін қарастырылады.

Рашид Жақсылықов, экономист:

Ауыл менен қаладағы газдың бағасы екі түрлі болу керек. Ауыл жақ арзан, қала қымбат алу керек. Қаладағы адамдарда жаңа технология, жаңа мүмкіндіктер. Ақша табу болса да, басқа болса да мүмкіндігі үлкен болғандықтан баға көтеріледі. Бағаны реттеу жоспарлау экономикасының амалы да. Өйткені мемлекет бүкіл экономикаға қатысып отырғаннан кейін реттей алады.

Қолда бар шикізатты пайдалану тиімділігін арттыру маңызды. Бұл – әлемдік тәжірибе. Сондықтан Үкіметке газдың энергетикалық тиімділігін арттыру және оны үнемді пайдалану жоспарын әзірлеуді тапсырылды.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу