Жамбыл облысында есірткі дайындайтын зертхана анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында есірткі дайындайтын зертхана анықталды

30.03.2023

Жамбыл облысында есірткі дайындайтын зертхана анықталды. Прокурорлар Байзақ ауданында синтетикалық есірткі дайындап, оны сатумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады. Олар «Мефедрон» әзірлеп, 3 ай бойы сатып келген. Тінту кезінде 34 келідей еліткіш зат тәркіленді. Енді күдіктілердің кінәсі дәлелденсе 5 жылдан 10 жыл аралығында жаза арқалауы мүмкін. Өңірде соңғы 3 жылда есірткіге қатысты 1500-ге жуық қылмыстық іс тіркелді. Ал оны шамадан тыс пайдаланған 28 адам көз жұмған.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу