Алматыда кәсіпкерлер саны артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кәсіпкерлер саны артып келеді

30.03.2023

Алматыда бизнес иелерінің қатары артып келеді. Қалалық кәсіпкерлер палатасы берген мәліметке сүйенсек, бүгінде 364 мыңнан астам адам өз ісін дөңгелетіп отыр. Әсіресе, шағын және орта бизнеске мықтап көңіл бөлінуде. Өткен жылы осы саланың өкілдерін қолдауға мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде 48 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ. Өйткені мемлекеттің дамуына ықпал ете алатындай, жауапкершіліктен қорықпайтын кәсіпкерлердің жаңа толқынын қалыптастыру керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтқан еді. Шағын орта бизнес өкілдері Мемлекет басшысының бұл пікірімен толықтай келіседі. Олардың айтуынша, кәсіркерлерді қолдау механизмдерін әлі де жетілдіре түсу қажет.

Сандуғаш Есенбекова, кәсіпкер:

Президентіміз нақты, дәл айтып отыр. Ел боламыз десек, осы кәсіпті бірігіп көтеруіміз керек. Мен қазір шағын ғана кәсіпкермін. Маған өсіп-өну үшін, қондырғылар алу үшін, жақсы жұмысшылармен жұмыс істеу үшін қаражат қажет. Үкімет бізге екі пайызбен қаражат берсе екен деймін. Егер беріп жатса, өндірісімізді кеңейтіп, шығарған заттарымызды көбейтетін едік.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу