Алматыдағы екі темір жол вокзалы «Қазақстан темір жолы» компаниясына қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы екі темір жол вокзалы «Қазақстан темір жолы» компаниясына қайтарылады

30.03.2023

Алматыдағы екі темір жол вокзалы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының меншігіне қайтарылады. Мұндай шешімді қала билігі қабылдаған. Себебі екеуі де көлік инфрақұрылымы саласындағы өте маңызды нысандар. Қазір жер қатынастары бөлімі олардың аумағындағы жерді автотұрақ ретінде пайдалану жолдарын қарастырып жатыр. Себебі ол маңда кептеліс кебейіп, жолаушыларға кедергі келтіруде.

Ерболат Досаев, қала әкімі:

Мен екі вокзалды да «Қазақстан темір жолы» компаниясына қайтару туралы шешім қабылдадым. Кезінде бұл нысандарды белгілі себептермен алып қойған. Десе де, бұл - инфрақұрылымның бір бөлігі. Ұлттық компанияның аумақты жөндеуден бөлек өзге де жоспарлары бар. Қажетті қаражат тартылуы тиіс.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу