АҚШ экс-президенті Дональд Трамп 2016 жылғы сайлау алдында порножұлдызға ақша төлегені үшін айыпталмақ. Және де ол сол үшін тұтқындалуы мүмкін. 76 жастағы Трамп бұл заңсыздықты мойындамай отыр. Соған қарамастан ол қылмыстық айып тағылған АҚШ бірінші немесе бұрынғы президенті атануы ықтимал. Бұл даулы іс оның 2024 жылғы президенттік бәсекеге қатысу әрекетіне кері әсер етуі ғажап емес. Қазір Трамп республикалықтар арасында ең жоғары постқа негізгі кандидат саналып отыр.
Арыстан Рысбек