Себебі, өнерді бағалай білетін халық оның қадірін жақсы түсінеді.
Нартай әндері халық арасында кеңінен тараған. Терең мағыналы айшықты сөз орамын әуезді әнмен, ырғақты сазбен өрнектей білген жанның әрбір туындысы құнды, қолданған әрбір заты бағалы.
Шапанды нар тұлғалы Нартай жиын-тойларға киген. Домбырасының сыртқы бетінде тегі жазылған, меншікті аспабы. Қасындағы домбыра- адуын ақынның ұстазы Дүр Оңғардың ұстаған музыкалық аспабы.
Музей-құнды жәдігерлерді жинақтаушы орын, сақтаушы қор. Мұндағы әрбір экспонат өзінше маңызды, мәнді. Ал, олар тарих қойнауына енген сайын, қадірі артып, құндылығы арта түседі.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ