Түркістан облысының Қарнақ ауылында «дәстүр» деп аталатын алма ағашы гүлдеді. Жемістің бұл түрі еліміз бойынша тек осы өңірде өседі. Бағбан Анвар Мырзаевтың осы алма ағаштарын күтіп-баптағанына ширек ғасыр болған. Қазір гүлдеп тұрған алма ағашы маусым айының ортасында өнім бере бастайды. Дәстүр алмалары ірілігімен ерекшеленеді.
Анвар Мырзаев, бағбан:
Сүт алма дейді бізде, бір алманы жегенде қабығын тазаламайсыз. Қабығы өте жұқа, өте тәтті алма. Оны салғанда қамдай да жей бересіз, өте көп өнім береді. Өте үлкен өседі. Жақсы алма, жергілікті алма бұл.
Айнұр Әбілқасымқызы