Халықаралық валюта қоры Украинаға– 15,6 миллиард доллар несие беруді мақұлдады. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлап отыр. Бұл – қарулы қақтығыс жүріп жатқан елге берілген ең қомақты заем. Ол елдің шұғыл қажеттіліктерін өтеуге, тұрақтылықты сақтау мен Украинадағы еуро-интеграциялық процестерді қаржылай қолдауға жұмсалмақ. Ал АҚШ Киевке 2,6 миллиард доллардың әскери жәрдемін беруге әзірленіп жатыр. Бұл пакетке снарядтар, радарлар, танкіге қарсы зымырандар мен зениталық қондырғылар кіреді.
Арыстан Рысбек