Үкіметте ауыс-түйіс басталды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары-Сыртқы істер министрі болып Мұрат Нұртілеу тағайындалды. Ақорда Президент Жарлығын жариялады. Ол бұған дейін Президент Әкімшілігі басшысы лауазымын атқарған болатын. Ал Қорғаныс министрі Руслан Жақсылық, Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов орындарын сақтап қалды. Ал Олжас Бектанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылып, Президент Әкімшілігі басшысы қызметіне тағайындалды.
Асылбек Данияр