«Сары-Арка» арнайы экономикалық аймағының бұрынғы басшысы Қазақстанға криптовалюта жабдықтарын заңсыз жеткізгені үшін сотталды. Ол Грузиядан криптовалюта өндіру үшін «майнерлерін» кіргізген. Құрылғылар кеденнен арнайы экономикалық аумақтағы зауыттардың қуаттылығын арттыру үшін қажет бөлшектер ретінде өткізіліпті. Осылайша кедендік төлемдерден де айналып өткен.
Зарина Құсманова, аса маңызды істер бойынша жедел уәкіл:
Тәркіленген заттардың жалпы құны 395 миллион теңге. 1800 құрылғы мен 10 мың кабель мемлекет меншігіне өтті. Ал Абай Оспановтың кінәсы толық дәлелденіп, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оңғар Алпысбай, Руслан Нұрланұлы