Қарағанды облысының археологтары Бесоба ауылы маңындағы көне қорымнан әйел адамның алтын әшекейлерін тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының археологтары Бесоба ауылы маңындағы көне қорымнан әйел адамның алтын әшекейлерін тапты

13.07.2015
Қарағанды облысының археологтары Бесоба ауылы маңындағы көне қорымнан әйел адамның алтын әшекейлерін тапты

Мұнда шамамен біздің заманымызға дейін 3500 жыл бұрын өмір сүрген қола дәуірінің адамдары жерленген. Орталық моланың ішіндегі тас табыттан бірнеше әшекей мен салпыншақты алтын сырға шыққан.

«Соған қарағанда бұл жерге дәулетті, беделді адамдар жерленген»,-деп болжайды ғалымдар. Жалпы биыл қарағандылық ғалымдардың қатысуымен облыстағы 7 ірі тарихи орында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу