Украинада қарулы қақтығыс жалғасып жатыр. Өткен түні Ресей армиясы Одессаға 17 дронмен шабуыл жасады. Жергілікті армия соның 14 құлатқанын хабарлап отыр. Ресей әскері басып кіргеннен бері Украинада кемінде 501 бала қаза болған. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры – ЮНИСЕФ директоры Кэтрин Рассел мәлімдеді. Оның болжамынша, құрбан болған жеткіншектер саны бұдан да көп болуы мүмкін.
Арыстан Рысбек