Қызылордада бөлім басшысы мен есепші 543 млн теңге жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада бөлім басшысы мен есепші 543 млн теңге жымқырған

04.04.2023

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында білім бөлімінің басшысы мен бас есепшісі аса ірі көлемде қаржы жымқырған. Олар мемлекетке 543 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Лауазымды тұлғалардан тергеп-тексеру барысында-ақ 91 миллион 500 мың теңге мемлекетке қайта өндірілді. Қазір кінәлілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Жалпы аудандағы білім беру ұйымдарында жемқорлық деректері жиілеген дейді мамандар.

Асылхан Ашықов, облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

«1С бухгалтерия» және «Қазынашылық-Клиент» бағдарламаларының кемшіліктерін пайдаланып, аса ірі көлемде бюджет қаржысы жымқырылған. Атап айтқанда, бүгінгі күні Жаңақорған ауданы бірқатар мектептерінде осындай деректер бойынша департаментпен 15 қылмыстық іс тергелуде.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу