Елімізде ауыс-түйіс жалғасып жатыр. Бүгін тағы бірнеше министр Президент жарлығымен тағайындалды. Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика министрі лауазымын сақтап қалды. Сонымен қатар қаңтар айында ғана қызметіне кіріскен Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пен Әділет министрі Азамат Есқараев та лауазымына қайта тағайындалды. Әлеуметтік салада тәжірибесі мол Тамара Дүйсенова да жұмысын жалғастырады. Индустрия және инфрақұрылым саласын дамыту Марат Қарабаевқа қайта жүктеліп отыр. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният лауазымына қайта тағайындалды. Сонымен қатар Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып Дархан Қыдырәлі тағайындалды. Бағдат Мусин де өз қызметінде қалды. Ең жас министрлердің бірі Зүлфия Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымын сақтап қалды. Ал Юрий Ильин төтенше жағдайлар министрі қызметін жалғастырады. Ғылым және жоғары білімді дамыту жұмысы қайтадан Саясат Нұрбекке жүктелді. Ауыл шаруашылығы министрі болып Ербол Қарашөкеев қызметінде қалды. Еліміздің басты мұғалімі болып Ғани Бейсембаев қалды. Министрлер кабинетінде бүгін бір ғана өзгеріс болды. Энергетика министрі болған Болат Ақшолақов Президент кеңесшісі болды. Ал оның орнына «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы болған Алмасадам Сәтқалиев келді.
Шерхан Жамбылұлы