Сонымен, бүгін Үкіметтің құрамы бекітілді. Өздеріңіз көріп тұрғандай, министрлердің басым көпшілігі өз орнын сақтап қалды. Тек екеуі ауысты. Президент әкімшілігінің басшысы болған Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі болды. Ал, екі жылдай Самұрық-Қазына қорының төрағасы болған Алмасадам Сәтқалиев енді газ бен бензинге, электр қуатына жауапты энергетика министрлігін басқарады. Осыған дейін бұл қызметті атқарған Болат Ақшолақов болса, Президент кеңесшісі атанды. Ал, қалған 17 министр өз қызметінде қалды.