ШҚО-да жөнделіп жатқан жолдың сапасын тұрғындар өздері қадағалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да жөнделіп жатқан жолдың сапасын тұрғындар өздері қадағалайды

05.04.2023

Өскеменде жол жөндеуде жаңа тәсіл қолданып жатыр. Қала тұрғындары шұрық-тесікті бейнетаспаға немесе фотоға түсіріп электронды порталға жолдайды. Нәтижесінде қала ішіндегі жолдардың жағдайы туралы шынайы ақпарат жиналады. Одан соң салаға жауапты мамандар өздері барып көріп, жөндеу жұмысы қалай жүргізілетінін нақты анықтайды. Ойлы-шұңқыр жамалған соң бүлінген жолдың суретін жіберген адамға жұмыстың атқарылғаны туралы есеп жолданады. Қала әкімідігі жаңа жоба бойынша үш айда он мың шұңқырды жамауды жоспарлап отыр. Тұрғындардан фото арқылы түскен өтініштерді өңдеп мердігер мекемелерге жіберу жұмыстарын атқаратын IT компанияға 50 миллион теңге бөлінді. Ал қаладағы жолдардың жабындысын ауыстыру және қалпына келтіруге 1,5 млрд теңге қарастырылмақ.

Дмитрий Павленко, жол жөндеу жобасының авторы:

Біздің ұсынған жобамыз Қазақстанда әлі бірде-бір қалада іске асқан жоқ. Сондықтан оны іске қоспас бұрын жұмыс жүктемесін есептедік. Өтініштер көп болса, оларды өңдеуге ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Осы жағын жетілдіруіміз керек. Ең бастысы, жөнделіп жатқан жолдың сапасын тұрғындар өздері қадағалайды.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу