С.Күдебаев ресми түрде Қазақстан шекарасынан өткен жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

С.Күдебаев ресми түрде Қазақстан шекарасынан өткен жоқ

05.04.2023

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев таулы жерді заңсыз кесіп өтіп, елден қашқан болуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов хабарлады. Серік Күдебаевтың Қазақстаннан қашып кетуіне байланысты қазір қызметтік тексеріс басталды. Оның нақты қай жерден өткені анықталып жатыр. Іздестіру жұмыстарына көршілес Қырғыз елінің құүқық қорғаушылары да тартылған.

Ерлан Алдажұманов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің директоры:

Күдебаев мырза ресми түрде Қазақстан шекарасынан өткен жоқ. Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасы шекарасына сұраныс жібердік. Ресми жауап әлі келген жоқ.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу