Пәкістанда Рамазан айындағы тегін тамақ тарататын орындарда қаза тапқандар саны 16 адамға жетті. Олардың көбі аласапыран кезінде аяқ астында тапталып мерт болған. Қайырымдылық ұйымдарының дерегінше, биылғы қасиетті айда тегін азық-түлікке мұқтаждар 50 пайызға көбейген. Бұған ауыр экономикалық дағдарыс пен қымбатшылық себеп болды. Наурыз айында елдегі инфляция деңгейі 47-50 пайызға өсті. Бағаның көтерілуіне ең алдымен ұлттық валютаның әлсіреуі мен энергетикалық тарифтердің жоғарылауы әсер еткен.
Мұхаммед Наим, тұрғын:
Мен қымбатшылық пен жоғары инфляцияға байланысты азық-түлік сатып ала алмаймын. Сондықтан осында оразамды ашу үшін келемін. Және де бұл жерден отбасыма да тамақ апарып беремін.
Арыстан Рысбек