Қазақстанда дизель отыны тапшы болып жатқан кезде ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді қысқартатынын жариялаған. Мұнай нарығындағы өзекті мәселелер мен оның бізге әсері туралы студиямызға келген қонағымыз, экономист Сапарбай Жобаев мырзамен талқылайық.
Әлемдік мұнай өндірісінің 35-40 пайызы Сауд Арабия, БАӘ, Ирак, Кувейт сияқты ерікті түрде қара алтын өндірісін қысқартып жатқан елдерге тиесілі. Неліктен ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін қысқарту туралы шешім қабылдады? Бұл әлемдік экономикаға қалай әсер етеді?
Қазақстан да ОПЕК+ елдерімен бірге мамыр айынан бастап мұнай өндірісін күніне 78 мың баррельге қысқартатын болды. Демек бюджет пен ұлттық қорға түсетін қаражат та азаяды деген сөз. Бұл шешімнің теңге бағамына, бензин бағасына қаншалықты әсері бар? Экономикалық тұрақтылықты сақтап қалу үшін не істеу керек?
Шерхан Жамбылұлы