Петропавл жылу электр орталығында жаңа мұржаның құрылысы басталды. Еске салайын, былтыр наурыз айында коммуналдық кәсіпорынның алып мұржаларының бірі опырылып құлаған болатын. Үйіндінің астында қалған жұмысшы қайтыс болды. Биіктігі 150 метрлік нысанның қалған бөлігін мамандар бірнеше ай бойы қолмен бұзды. Құрылысшылар әзірге түтін мұржасының іргетасын қалауға кірісті. Оның негізгі бөлігі маусым айынан бастап салынбақ. Жоба бойынша мұржаның биіктігі 180 метр болады. Сонымен қатар ескі қондырғылар жөнделеді. Жылу және электр желілерін жаңалау да жоспарланған. Бұл мақсатқа 12 млрд теңге жұмсалмақ.
Эльмира Кәленова