Атырау облысында 35 тұрғынның банкроттығы мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында 35 тұрғынның банкроттығы мақұлданды

06.04.2023

Атырауда қарызын өтей алмаған 35 тұрғынның банкрот деп тану жөніндегі өтініші мақұлданды. Осы бағытта барлығы 1199 адамнан өтініш түскен. 376 өтініш мақұлданбаған. Әлі 800 жуық арыз қаралып жатыр. Мамандар мемлекеттік бағдарламаға қатысуға ниеттілердің, әсіресе, облыс орталығы мен Жылыой ауданынан көптеп тіркелгенін айтады. Енді банкроттығы расталмаған борышкерлерге үш айдан кейін қайта өтініш беруіне болады. Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуі тиіс. Ал скринингтік тексеру жүргізгісі келсе «E-Salyg Azamat» қосымшасын пайдаланады.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу