БҚО-да жұқпалы ішек ауруы көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да жұқпалы ішек ауруы көбейген

06.04.2023

Батыс Қазақстан облысында балалар арасында өткір ішек инфекциясы 14 есеге көбейген. Жыл басынан бері 140 адам осы ауруға шалдыққан. Өңірде, сондай-ақ, созылмалы вирустық гепатит, описторхоз және тұмау үш есеге өскен. Ал керісінше, коронавирус 54 есеге дейін түсіп, үш жылға созылған пандемия кезеңінің аяқталуы жақын. Еліміздің өзге аймақтары мен жалпы әлемде күрт таралған қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бірақ шетелден, көрші өңірлерден инфекцияның келу қаупі бар. Сондықтан балаларға уақытылы екпе салынбақ.

Мұхамғали Арыспаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

Ішек инфекциясы аурулары көбеюінің негізгі себебі - үйде дайындалған тағамдарды дұрыс сақтамау, дұрыс термиялық өңдемеу. Соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың арасында жиі кездеседі. Олардың жеке гигиена сақтамауы кесірінен осы ауру бағыты өсіп отыр. Ағымдағы жылы қызылша ауруына күдікпен бір жағдай тіркелді.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу