Ақтауда 85 медицина қызметкері жұмыссыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 85 медицина қызметкері жұмыссыз қалды

06.04.2023

Ақтауда 80-нен астам медицина қызметкері жұмыссыз қалды. КСМ: Оған қоса, мамандар 3 айдан бері жалақы алмаған. Бұған себеп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жергілікті филиалы, жеке емханамен арадағы келісімшартты біржақты бұзған. Ал аталған емхана мед-сақтандыру аясындағы ынтымақтастық жобасы негізінде ашылған. Былтырдан бері 11 мыңнан астам тұрғынға тегін қызмет көрсеткен. Сондықтан емхана басшылығы сотқа шағымданды.

Айларбек Шыршықбаев, жеке медициналық орталықтың басшысы:

Біздің мекеме кешегі январьдан бастап февраль, март осы 3 ай ақша ала алмай отырмыз. Өйткені бізге мынадай уведомление келді. Бірақ күні бүгінге дейін бізге тіркелген халықты алып кетпегендіктен біз әлі күнге шейін оларға көмек көрсетіп отырмыз.

Міндетті медициналық сақтандыру қоры филиалының басшылығы/ осы мәселеге қатысты сұхбат беруден бас тартты. Бірақ, облыстық прокуратура/ жеке емхананың ғимараты санитарлық талаптарға сай емес екендігін анықтаған. Тергеу жалғасуда. Ал, медициналық орталыққа тіркелген тұрғындар/ қалалық 2-ші емханаға көшірілген.

Дидарбек Жақсылық, облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры:

Ақтау қаласының санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы заңнама талаптарын бұза отырып, Адем мед медициналық орталығының сәйкестігі туралы қорытынды берген. Кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу