Астанада «Өмір-ғайып» мелодрамасының премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Өмір-ғайып» мелодрамасының премьерасы өтті

06.04.2023

Бұл – «Өмір – ғайып» мелодрамасының премьерасынан үзінді болатын. Бүгін Елордадағы Жастар театрында қойылған туынды авторы Серік Жүзбай мен режиссер Нурфат Вахитовтың жетекшілігімен сахналанды. Шығармада жастайынан тағдыр тауқыметін көріп, кейін мүгедек баласымен 20 жылдан кейін қауышқан бойжеткеннің өмірі суреттеледі.

Автордың айтуынша, туынды отбасы құрудағы құндылықтар, бала тәрбиесі мен ата дәстүр бағытында көрерменге ой салады. Қойылымды толығымен Жастар театры жанынан құрылған «Қанаттылар» инклюзивті театрының актерлері ойнап шықты. Ерекше жандар сахналаған ерекше қойылым ертең де сахналанады.

Жүзбай Серікұлы, қойылым авторы:

«Өмір – ғайып» деген туынды өмірден алынған қисса. Мақсаты - қоғамды жетімдер болмау. Қазақ жетімін тастап, жесірін жылатпаған. Сондықтанда осы қойылымның алдын алу шаралары, тәрбиесі мол. Ғайыптан болатын әртүрлі жағдайларда суреттелген.

Ақмаржан Ғафиз

Хабарламаларға жазылу