Жанар-жағар майдың жасанды тапшылығын болдырмау үшін мұнай базалары тексерілетін болды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өңірлік штабтарға осындай тапсырма берді. Жалпы ел бойынша дизель отынының жиынтық қоры 310 мың тоннаға жуық, бұл былтырғымен салыстырғанда 59 мың тоннаға артық. Кейбір өңірлерде жекелеген жанармай құю станцияларында дизель отынын сатуда шектеулер байқалады. Заң бұзушылық фактілері нақты анықталып жатса құзырлы мемлекеттік органдар тергеу жүргізеді.