Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымын 75 жылдық мерейтойымен құттықтады. Твиттердегі парақшасына: «Бүгін – Дүниежүзілік Денсаулық cақтау күні. Біз әлем халқының денсаулығын нығайту жөніндегі ұйымның қажырлы қызметін құптаймыз. Қазақстан денсаулық сақтау саласының барлығына қолжетімді әрі әділ болуын толық қолдайды» деп жазды.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының құрылғанына 75 жыл&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/174150/)