Францияда президент Эманнуэль Макронның зейнетақы реформасына қарсы шерулер жалғасып жатыр. Ренн қаласында демонстрациялар тәртіпсіздіктерге ұласты. Полицейлер қоқыс жәшіктеріне от қойған шерушілерді тарату үшін көзді жасаурататын газ қаруын қолданған. Халықты ашындырған – азаматтардың зейнетке шығу жасының 62-ден 64-ке дейін көтерілуі. Социологиялық зерттеулерге қарағанда, бұл реформаны елдің басым бөлігі қолдамай отыр. Сондықтан, қаңтардан бері оған қарсы 11 мәрте жалпыұлттық маннфестация өтіпті. Алайда, Макрон үкіметінің мәлімдеуінше, бұл өзгеріс зейнетақы қорын күйреуден сақтау үшін өте маңызды екен.
Арыстан Рысбек